Бүгін Алматы халықаралық әуежайында муайтайдан әлем чемпионатында ел намысын қорғаған алматылық спортшыларды салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.
2026 жылғы 1–11 қыркүйек аралығында өткен әлемдік додаға бес құрлықтан 100-ден астам елдің спортшылары қатысып, жүлделер үшін бақ сынады. Әлем чемпионатында Алматы қаласының спортшылары ел қоржынына бірнеше жүлделер әкелді.
Алматы халықаралық әуежайында спортшыларды жақындары, жаттықтырушылар, спорт саласының өкілдері және жанкүйерлер қарсы алып, чемпионат жүлдегерлеріне ыстық ықыластары мен ақжолтай тілектерін білдірді.
Алматы қаласының жоғары спорт шеберлігі мектебі атынан спортшыларымызды әлем чемпионатындағы лайықты нәтижелерімен құттықтаймыз! Жеңісті жолдарыңыз жалғасып, көк Туымызды биіктерде желбірете беріңіздер!



