2026 жылғы 13–15 қазан аралығында Астана қаласында конькімен жүгіруден Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Әлем кубогының кезеңдеріне іріктеу жарысы болған чемпионатта алматылық спортшылар жоғары нәтиже көрсетіп, халықаралық жарыстарға қатысуға мүмкіндік алды.
Ересектер арасындағы конькімен жүгіруден Әлем кубогының кезеңдеріне үздік нәтижемен Евгений Кошкин жолдама алды.
Ал Денис Мезенцев, Михаил Матрюхин және Глеб Терентьев командалық жарыста жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогының алғашқы екі кезеңіне қатысу құқығына ие болды.
Алдағы жарыстар спортшыларға халықаралық тәжірибе жинақтауға, спорттық шеберліктерін шыңдауға және нәтижелерін жақсартуға мүмкіндік береді. Сәттілік және жарқын жеңістер тілейміз!



