ММА: ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНДА АЛМАТЫЛЫҚ СПОРТШЫЛАР 7 АЛТЫН, 1 КҮМІС ЖӘНЕ 4 ҚОЛА МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

2026 жылғы 21–25 қазан аралығында Астана қаласында ересектер арасындағы аралас жекпе-жектен (ММА) Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша алматылық спортшылар 7 алтын, 1 күміс және 4 қола медаль иеленді.

Алтын:
Жақан Аружан — 49 кг, модерн стилі
Аширбек Мульдер — 69 кг, модерн стилі
Тлеумбетов Нұрлан — 56 кг, дәстүрлі стиль
Асиев Ильзат — 60 кг, дәстүрлі стиль
Шарипов Ильдар — 85 кг, модерн стилі
Шакирбеков Абылай — 96 кг, модерн стилі
Умирзаков Абдурахман — 85 кг, дәстүрлі стиль

Күміс:
Мусакулов Али — 96 кг, дәстүрлі стиль

Қола:
Аширбек Инас — 54 кг, дәстүрлі стиль
Ким Камила — 54 кг, дәстүрлі стиль
Полатбай Арман — 71 кг, модерн стилі
Орынбасар Асхат — 120 кг, модерн стилі

Спортшыларымызды Қазақстан чемпионатындағы нәтижелерімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда толағай табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!