ДАЙЯНА ДАРЕНСКАЯ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КАРАТЭ ТУРНИРІНІҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

2026 жылғы 30 қазан мен 1 қараша аралығында Мәскеу қаласында каратэден «Вселенная каратэ» халықаралық турнирі өтті.

Аталған жарыста Алматы қаласы Жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы Дайяна Даренская 68 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, жүлделі III орынға ие болды.

Спортшымызды жеңісімен құттықтап, алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!