Бүгін, 28 қазанда, Алматы қаласы Жоғары спорт шеберлігі мектебінің ұжымы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауымен танысты.
Жолдауда ел дамуының басым бағыттары мен алдағы кезеңге арналған маңызды міндеттер айқындалды. Атап айтқанда, Президент ерекше қажеттіліктері бар балалар мен азаматтарға қолжетімді жағдай жасау мақсатында еліміздің барлық өңірінде заманауи инклюзивті спорт орталықтарын салу қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар, Жолдауда белгіленген басымдықтарға сәйкес, мектебімізде жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып, шахмат ойынын меңгеруге арналған компьютерлік бағдарлама жобасы іске қосылуда.
Мектеп ұжымы отандық спортты дамытуға, жас спортшылардың әлеуетін арттыруға және саланың дамуына өз үлесін қоса беруге дайын.



