Бүгін Катар астанасы Дохада нысана көздеу және стенд атудан ISSF әлем чемпионаты басталды. Байрақты бәсеке 14 қарашаға дейін жалғасады.
Әлем чемпионатында 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына арналған алғашқы лицензиялар сарапқа салынады. Жалпы 12 дисциплина бойынша 36 олимпиадалық жолдама үлестіріледі.
Қазақстан құрамасы сапында 22 спортшы ел намысын қорғайды. Алматы қаласынан нысана көздеуден 6 спортшы, стенд атудан 1 спортшы сынға түседі.
Спортшыларымызға сәттілік пен жоғары нәтиже тілейміз!



