Құрметті Алматы қаласының Жоғары спорт шеберлігі мектебі ұжымының ер азаматтары!
Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл мереке – ел тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін қорғау жолындағы ерлік пен жауапкершіліктің, отансүйгіштік пен азаматтық борыштың айқын көрінісі. Сіздердің кәсібиліктеріңіз бен табанды еңбектеріңіз ұжымымыздың дамуына, спорт саласының өркендеуіне зор үлес қосып келеді.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Ел игілігі жолындағы қызметтеріңіз әрдайым жоғары бағаланып, абырой-беделдеріңіз арта берсін. Әрқашан биік белестерден көріне беріңіздер!




