Абылайхан Серғазы муай-тайдан жастар арасындағы Қазақстан чемпионы атанды

25 сәуір мен 1 мамыр аралығында Астана қаласында муай-тайдан жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Аталған додада Алматы қаласының Жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы Абылайхан Серғазы 57 кг салмақ дәрежесінде топ жарып, ел чемпионы атанды.

Жеңімпазды және оның жаттықтырушыларын жоғары нәтижемен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда толағай табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!