Гипоксиялық жаттығу орталығының жетекшісі Ерлан Ерболатұлы Алматы қаласы Жоғары спорт шеберлігі мектебінің жаттықтырушыларымен кездесіп, өздерінің заманауи жаттығу әдістемелерін таныстырды.
Аталған жүйе дәрігерлердің бақылауымен жүргізілетін кешенді медициналық-биологиялық тексерістерді қамтиды. Сондай-ақ, тау қысымына ұқсас арнайы гипоксиялық жаттығулар арқылы ағзадағы физиологиялық өзгерістер бақыланып, жас спортшылардың төзімділігін арттыруға және жаттығу процесінде жаңа мүмкіндіктерді ашуға ықпал етеді. Бұл әдіс дайындық сапасын арттырып, жарыстардағы нәтижелерін жақсартуға мүмкіндік береді.
Алдағы уақытта спортшыларымыз аталған орталық базасында арнайы дайындықтан өтеді. Жаңалықтар мен дайындық барысын назарларыңызға ұсынып отырамыз. Бізбен бірге болыңыздар.




