Алматы джиу-джитсу федерациясының Президенті Руслан Идрисовпен және Вице-президенті Мұрат Ысқақпен кездесу

Бүгін Жоғары спорт шеберлігі мектебі директоры Алматы қаласы Джиу-Джитсу Федерациясының Президенті Идрисов Руслан және вице-президенті Ысқақ Мұратпен кездесу өткізді. Кездесу барысында жас спортшыларды дайындау бағдарламалары және алда келе жатқан Азия Чемпионаты мен Азия ойындарына дайындық бойынша мәселелер талқыланды.

Мақсатымыз талантты спортшыларды қолдау және мекемеміздегі Джиу-Джитсу бөлімін дамыту. Болашақта Алматы қаласының спорттық жетістіктерін одан әрі арттыруға бағытталған жобалар мен бірлескен іс-шаралар жоспарлануда.

Кездесу барысында екі тарап та ортақ жобаларды іске асыруға ниетті екендігін атап өтті.