Алматы қаласы жоғары спорт шеберлігі мектебінің ұйымдастыруымен «Спорт — достық алаңы» атты іс-шара өтті

Бүгін 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағы аумағында Алматы қаласы Спорт басқармасының «Жоғары спорт шеберлігі мектебі» МККҚ ұйымдастыруымен «Спорт – Достық алаңы» атты бұқаралық спорттық іс-шара өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту, жастарды спортқа баулу. Аталған көңілді старттарға Алматы қаласының жастары, спорт сүйер қауым және де Германия мен Оңтүстік Кореядан келген қонақтар да қатысты.

Бағдарлама аясында гір көтеру, арқан тарту, қол күресі және шахмат сынды спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер мектебіміздің атынан арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Осындай игі бастамалар қала тұрғындарын спортпен тұрақты айналысуға ынталандырып, қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыруға өз үлесін қосады деп сенеміз.