Алматы спортшылары үшін арнайы әуе тарифтері енгізілді

Алматы қаласының Спорт басқармасы мен Turkish Airlines өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Келісім аясында алматылық спортшылар үшін халықаралық жарыстар мен оқу-жаттығу жиындарына ұшу кезінде арнайы тарифтер мен қосымша жеңілдіктер қарастырылған. Атап айтқанда, әуе билеттеріне арнайы жеңілдіктер, спорттық инвентарь мен багажды тегін тасымалдау мүмкіндігі және билеттерді қайтару мен айырбастаудың икемді шарттары ұсынылады.

Бастама Алматы қаласы әкімінің бюджеттік шығыстарды оңтайландыру және спортшылардың халықаралық жарыстарға дайындалуға және қатысуға жайлы жағдай жасау жөніндегі тапсырмалары аясында жүзеге асырылды.

Арнайы тарифтер халықаралық жарысқа баратын спортшылардың жол шығынын оңтайландыруға, бюджет жүктемесін азайтуға және командалар үшін қолайлы ұшу жағдайын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.