Қарағанды қаласында каратэ WKF-тен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр.
Бүгін мектебіміздің спортшысы Ислям Аружан «ката» дисциплинасы бойынша 1 орынды
жеңіп алды.
Бұл жетістік — жүйелі дайындықтың және жаттықтырушылар құрамының кәсіби жұмысының нәтижесі.
Аружанды және каратэ WKF бөлімінің жаттықтырушыларын құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда табысты өнер көрсетулеріне тілектеспіз!




