Евгений Кошкин 100 метр қашықтықта конькимен жүгіруден бас жүлде алды

Бүгін Астана қаласы “Алау мұзайдынындағы” конькимен жүгіру спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті.

Алматы Жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы Евгений Кошкин 100 метр қашықтықта конькимен жүгіруден үздік көрсеткіш көрсетіп, бірінші орынды жеңіп алды.

Айта кетейік, бұның алдында Евгений 500 метр қашықтықта астаналық спортшыға есе жіберіп, екінші орынға тұрақтаған еді.

Спортшымызды және жаттықтырушыларды бүгінгі жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!