Қарағанды қаласында каратэ WKF-тен жасөспірімдер мен жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Бұл жарыста Алматы қаласының Жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы Қадырғали Алихан кумитэ дисциплинасы бойынша 84 кг дейінгі салмақ дәрежесінде 1 орынды жеңіп алды.
Спортшыны және каратэ WKF бөлімінің жаттықтырушылар құрамын жоғары нәтижемен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда тек жеңістер тілейміз!




