Бүгін Астанада Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың төрағалығымен 2022-2026 жылдардағы қысқы олимпиадалық цикл қорытындысына арналған кеңейтілген жиын өтті. Іс-шарада халықаралық аренада жоғары нәтиже көрсеткен спортшылар мен олардың жаттықтырушылары марапатталды.
«Дене шынықтыру және спортты дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен шаңғымен тұғырдан секіруден Алматы қаласы Жоғары спорт шеберлігі мектебінің жаттықтырушысы Васильев Павел Александрович марапатталды.
Ал «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісі конькимен жүгіруден Евгений Кошкинге және шаңғымен тұғырдан секіруден Илья Мизерныхке берілді.
Спортшыларымызды және олардың жаттықтырушыларын шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің еңбектеріңіз бағаланып, қаламыздың және еліміздің спорттық мәртебесі одан әрі арта берсін




