Алматы қаласында 22–24 сәуір аралығында ушудан ересектер арасындағы ел чемпионаты өтті. Бұл жарыста Алматы қаласы Жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары 7 алтын, 1 күміс, 4 қола жүлде жеңіп алды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
1-орын:
– Абрахманова Ильнура – 48 кг (қыздар)
– Иминов Ислам – 48 кг (ерлер)
– Авутов Нурислам – 56 кг (ерлер)
– Иминжанов Карим – 60 кг (ерлер)
– Коскенов Бексұлтан – 65 кг (ерлер)
– Садыков Ильяр – 80 кг (ерлер)
– Айтахунов Ибрагим – 85 кг (ерлер)
2-орын:
– Абдукахаров Эльмурат – 56 кг (ерлер)
3-орын:
– Юлдашова Юлтуз – 60 кг (әйелдер)
– Низамдинов Малик – 56 кг (ерлер)
– Ниязов Хазрат – 60 кг (ерлер)
– Азнабакиев Ильзат – 100 кг (ерлер)
Жарыс қорытындысы бойынша Алматы қаласы командалық есепте І орынды иеленді. Сонымен қатар, мектебіміздің 3 спортшысы Азия ойындарына жолдама жеңіп алды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, ел намысын абыроймен қорғай берулеріңізге тілектеспіз!




