25 қазан — Республика күні

Құрметті отандастар!

Сіздерді 25 қазан — Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл — еліміздің тәуелсіздігі мен ұлттық бірегейлігімізді дәріптейтін маңызды мереке.

Осы күні баршаңызға зор денсаулық, амандық, бақ-береке тілейміз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! Қазақстанымыздың мерейі артып, абыройы асқақтай берсін!

Республика күні құтты болсын!