Аружан Ислям каратэ WKF бойынша «Akzhayk Open» халықаралық турнирінің чемпионы атанды

Каратэ WKF бөлімінің спортшысы Ислям Аружан Орал қаласында өткен «Akzhayk Open» халықаралық турнирінде ката дисциплинасы бойынша алтын медаль жеңіп алды.

Аталған жеңісінің нәтижесінде Аружан Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан Республикасының жастар құрамасына іріктеуден сәтті өтті.

Спортшыны және бөлім жаттықтырушысы Будкина Александраны жоғары жетістігімен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда толағай табыс тілейміз!