Қазақстандық Олимпиада чемпионы, Алматы қаласы Жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы Михаил Шайдоров Халықаралық конькимен жүгірушілер одағының (ISU) әлемдік рейтингінде үздік үштіктен көрінді.
2026 жылғы 22 тамыздағы World Standings ISU рейтингіне сәйкес, спортшымыз 3 918 ұпаймен 3 орында тұр.
Рейтинг көшін АҚШ өкілі Илья Малинин 4 590 ұпаймен бастап келеді. Екінші орында Жапония спортшысы Юма Кагияма, оның еншісінде 4 123 ұпай.
Михаилді және оның жаттықтырушыларын бұл нәтижемен құттықтаймыз!



