25 тамызда Алматы қаласындағы «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндері кешенінде шаңғымен тұғырдан секіруден қалалық ашық чемпионат өтті.
Байрақты бәсекеге спортшылар тұғырдан секіру шеберліктерін ортаға салды. Жарыс қорытындысы бойынша Алматы қаласы Жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары бірнеше жүлделі орындарға ие болды.
Ерлер арасында:
1 орын — Данил Васильев — 132 м және 136 м
2 орын — Илья Мизерных — 127 м және 125 м
3 орын — Нұршат Тұрсынжанов — 124 м және 127 м
Әйелдер арасында:
1 орын — Алёна Свириденко — 115 м және 117 м
2 орын — Алиса Седова — 111 м және 114 м
3 орын — Анастасия Горунова — 109 м және 117 м
Осылайша мекемеміздің спортшылары чемпионаттың ерлер және әйелдер арасындағы барлық жүлделі орындарды иеленді.
Спортшыларды және жаттықтырушыларды жеңістерімен құттықтап, алдағы жарыстарда жоғары нәтижелер мен толағай табыстар тілейміз!



