Алматы спортшысы джиу-джитсудан әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды

2026 жылғы 21–23 тамыз аралығында Хорватияның Задар қаласында джиу-джитсудан No-Gi жарыс тәртібі бойынша әлем чемпионаты өтті.

Әлемнің үздік спортшылары бас қосқан байрақты бәсекеде Алматы қаласы Жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы Али Батырбек сәтті өнер көрсетіп, жүлделі орыннан көрінді.

Али Батырбек Adult санатында 56 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынап, чемпионат қорытындысы бойынша қола жүлдеге ие болды.

Алматы қаласы Жоғары спорт шеберлігі мектебі Али Батырбекті кезекті жүлдесімен құттықтайды!