Польшаның Висла қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден жазғы Гран-придің алғашқы кезеңі өтуде. Дүбірлі додаға әлемнің үздік спортшылары қатысуда.
Жарыс қорытындысы бойынша Алматы қаласының Жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы Данил Васильев жоғары деңгейдегі шеберлігін көрсетіп, 4-орынға ие болды.
Данил Васильевті және оның жаттықтырушылар құрамын лайықты нәтижемен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда толағай табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!



