2026 жылғы 1–9 тамыз аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында 18-ші джиу-джитсудан әлем чемпионаты (JJIF Ju-Jitsu World Championship 2026) өтуде.
Әлем біріншілігіне 37 мемлекеттен 1 500-ден астам спортшы қатысып, түрлі дисциплиналар мен салмақ дәрежелері бойынша бақ сынауда.
Аталған дүбірлі додада Алматы қаласының Жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы Костенко Данил қола жүлдеге ие болып, халықаралық аренада Қазақстанның намысын абыроймен қорғады.
Костенко Данилді және оның жаттықтырушылар құрамын әлем чемпионатының қола жүлдесімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда толағай табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!



