Михаил Шайдоров жаңа маусымды қола жүлдемен бастады

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Алматы жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы Михаил Шайдоров Словакияның Братислава қаласында өткен Ондрей Непела мемориалында қола медаль иеленді.

Қысқа бағдарламада Михаил 95,98 ұпай жинап, халықаралық жарыстардағы жаңа жеке рекордын жаңартты. Еркін бағдарламада спортшы 176,77 ұпай алды.

Екі бағдарламаның қорытындысы бойынша қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы 272,75 ұпай жинап, жарыстың қола жүлдегері атанды.

Жаңа маусымдағы алғашқы жарыстан жүлдемен оралған спортшымызды құттықтаймыз!