16–27 қыркүйек аралығында Өзбекстанның Самарқанд қаласында шахматтан XXXVI Олимпиада өтті. Рекордтық 400-ге жуық команданы біріктірген дүбірлі додада Қазақстан әйелдер құрамасы күміс жүлдеге ие болды.
Қазақстан құрамасының сапында Алматы қаласының Жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы Алуа Нұрман өнер көрсетіп, ел құрамасының жүлдеге қол жеткізуіне үлес қосты.
Олимпиаданың шешуші 11-туры барысында Қазақстан әйелдер құрамасы Польшамен кездесіп, жалпы есепте 2:2 нәтижесін тіркеді. Осылайша, қазақстандық шахматшылар жарысты 18 ұпаймен, жеңіліссіз аяқтап, екінші орынға тұрақтады.
Алуа Нұрман Олимпиада барысында 5 жеңіс, 4 тең ойын және 1 жеңіліс көрсеткішін тіркеді.
Айта кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасы 2024 жылы Мажарстанда өткен Олимпиадада да күміс жүлдеге ие болған еді. Биылғы нәтиже — команданың Олимпиададағы екінші күмісі.
Алматы Жоғары спорт шеберлігі мектебі Алуа Нұрманды және Қазақстан әйелдер құрамасын жүлделі нәтижесімен құттықтайды!



