ӘМІРЖАН ЖЫЛҚАЙДАРОВ — ҚАЗАҚСТАН КУБОГІНІҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

26–27 қыркүйек күндері «Жайлау» гольф клубында гольфтан Қазақстан Республикасы Кубогы өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша Алматы қаласының Жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы Әміржан Жылқайдаров жүлделі II орынға ие болып, күміс медальді жеңіп алды.

Спортшымызды және жаттықтырушыларын құттықтаймыз! Жаңа жеңістер тілейміз!