Джиу-джитсудан ХХ Жазғы Азия ойындарында Алматы қаласының спортшысы Нұржан Батырбеков күміс медаль иеленді.
69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында отандасымыз Біріккен Араб Әмірліктерінің өкілі Андиз Ахметпен белдесті.
Финалдық кездесу қорытындысы бойынша Нұржан Батырбеков қарсыласына 0:2 есебімен есе жіберіп, ХХ Жазғы Азия ойындарында 2 орынға тұрақтады.
Күміс жүлде құтты болсын, қазақ елі!



