Өзбекстанның Самарқанд қаласында өткен 46-шы шахмат Олимпиадасында жүлдеге ие болған Қазақстан әйелдер құрамасы елге оралды.
Бүгін Алматы халықаралық әуежайында дүбірлі додада ел намысын абыроймен қорғаған шахматшыларды салтанатты түрде күтіп алдық.
Қазақстан әйелдер құрамасының сапында Алматы қаласы Жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы Алуа Нұрман да өнер көрсетіп, команда құрамында Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды. Спортшымызды мекеме ұжымы, жақындары мен жанкүйерлері күтіп алды.
Бұл — Отандық шахматтың халықаралық аренадағы жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдейтін маңызды жетістік!



