ЖІБЕК ҚҰЛҰМБЕТОВА — АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

Джиу-джитсудан ХХ Жазғы Азия ойындарында Алматы қаласының спортшысы Жібек Құлұмбетова қола жүлдеге ие болды.

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Жібек Құлұмбетова жартылай финалда Оңтүстік Корея Республикасының спортшысымен белдесті.

Кездесу барысында отандасымыз айқын басымдық танытып, жеңіске жетті. Нәтижесінде Жібек Құлұмбетова ХХ Жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

Жеңіс құтты болсын!