Бүгін Алматы халықаралық әуежайына Аичи-Нагояда өткен XX жазғы Азия ойындарына қатысқан Қазақстан құрамасының өкілдері елге оралды.
Олардың қатарында Алматы қаласының Жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары — нысана көздеуден Азиаданың қола жүлдегерлері Арина Малиновская мен Ислам Сәтпаев бар.
Ислам Сәтпаев 50 метр қашықтықта үш позициядан мылтықпен ату бағдарламасында қола медаль еншілесе, Арина Малиновская командалық жарыста жүлдеге ие болды.
Спортшыларды Алматы қаласының спорт басқармасы, мектеп ұжымы, жанкүйерлері мен жақындары әуежайдан салтанатты түрде қарсы алды.
Жеңістеріңіз құтты болсын! Үйге қош келдіңіздер!



