2026 жылғы 1-8 қазан аралығында Қарағанды қаласында ерлер мен әйелдер арасында рапид және блиц шахмат түрлерінен Қазақстан чемпионаты өтті.
Аталған жарыста Алматы қаласының Жоғары спорт шеберлігі мектебінің шахматшылары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
Лия Құрманғалиева:
- Рапидтен жеке есепте — 2 орын;
- Блицтен жеке есепте — 3 орын;
- Блицтен командалық есепте — 2 орын;
- Рапидтен командалық есепте — 2 орын.
Мирас Асылов:
- Блицтен командалық есепте — 2 орын;
- Рапидтен командалық есепте — 2 орын.
Жәңгір Бижигитов:
- Блицтен командалық есепте — 2 орын;
- Рапидтен командалық есепте — 2 орын.
Алматы қаласының Жоғары спорт шеберлігі мектебінің ұжымы спортшыларды жетістіктерімен құттықтап, алдағы жарыстарда толағай табыстар тілейді!



