Бүгін Алматы халықаралық әуежайына Аичи-Нагояда өткен ХХ жазғы Азия ойындарында джиу-джитсудан ел намысын қорғаған алматылық спортшылар ұшып келді.
Биылғы Азиаданы спортшылар екі жүлдемен қорытындылады. Атап айтқанда, джиу-джитсудан 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Нұржан Батырбеков күміс медаль, ал 48 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Жібек Құлұмбетова қола медаль жеңіп алды.
Спортшыларды Жоғары спорт шеберлігі мектебінің ұжымы, джиу-джитсудан Алматы қаласы федерациясының өкілдері, жанкүйерлері мен жақындары салтанатты түрде күтіп алды.
Спортшыларға алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз! Үйге қош келдіңіздер!



