Алматы қаласында садақ атудан U18 және U15 жас санаттары арасындағы Қазақстан Республикасы лигасының финалы, сондай-ақ ересектер мен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасы кубогінің финалдық кезеңі өтуде.
Аталған жарыстарда Алматы қаласы Жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары Полина Зайко мен Мұхаммад Бекайдар дәлдіктерін сынауда.
«Бұл жарысқа бірнеше іріктеу кезеңінен өткен спортшылар жиналды. Бүгін біз үшін маңызды жарыстардың бірі. Спортшыларымыз үздіктер қатарынан көрінеді деп үміттенеміз», — деді садақ атудан жаттықтырушы Александр Борисович Кислицин.
Барлық қатысушыларға сәттілік, мергендік және жоғары нәтижелер тілейміз!



