КОНЬКІМЕН ЖҮГІРУДЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНДА АЛТЫН ЖӘНЕ ҚОЛА МЕДАЛЬ!

Астана қаласында конькімен жүгіруден Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде. Жарыста Алматы қаласының Жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары жүлделі орындарға ие болды.

500 метр қашықтықта спортшымыз Евгений Кошкин мәреге бірінші болып жетіп, алтын медаль жеңіп алды.

Командалық спринтте ЖСШМ спортшылары үшінші орынға ие болып, қола жүлдегер атанды. Қола медаль иегерлері:

Давид Кадыров
Денис Мезенцев
Михаил Матрюхин
Илияс Жакибаев
Әбумәлік Асқар

Спортшыларды және жаттықтырушылар Фёдор Мезенцев пен Максим Баклашкинді лайықты жетістіктерімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда толағай табыс, жаңа жеңістер мен рекордтар тілейміз!