20–26 қазан аралығында Тараз қаласында кикбоксингтен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша Алматы қаласының спортшылары төрт жүлделі орынға ие болды.
K-1 бөліміндегі нәтижелер:
Амир Узбеков (+91 кг) — 1 орын
Айдын Турдубеков (81 кг) — 2 орын
Рифат Ашимбаев (63,5 кг) — 2 орын
Ернар Серік (54 кг) — 2 орын
Чемпионат қорытындысы бойынша Алматы қаласының спортшылары бір алтын және үш күміс медаль жеңіп алды.
Спортшыларды және олардың жаттықтырушыларын құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!



