Әли Батырбек – джиу-джитсудан әлем чемпионатының қола жүлдегері

Абу-Дабиде (Біріккен Араб Әмірліктері) 01–09 тамыз аралығында JJIF (Ju-Jitsu International Federation) джиу-джитсудан Әлем чемпионаты өтуде.

Әлемдік додаға 60-тан астам елден келген 1 500-ден астам спортшы қатысып, чемпиондық атақ үшін бақ сынауда.

Бүгін 56 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен алматылық спортшы Әли Батырбек тартысты белдесулер өткізіп, әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Әли Батырбекті бүгінгі жүлдесімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!