2026 жылғы 2–9 тамыз аралығында Астана қаласында стенд атудан Қазақстан Республикасының жастар арасындағы чемпионаты өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша Алматы қаласы Жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары жүлделі орындарға ие болды:
Артем Сидельников — 1-орын;
Артем Чикулаев — 1-орын;
Элеонора Ибрагимова — 2-орын.
Осылайша, Алматы қаласы Жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары чемпионатты 2 алтын және 1 күміс медальмен қорытындылады.
Спортшыларымызды жеңістерімен құттықтап, алдағы жарыстарда толағай табыс тілейміз!



