2026 жылғы 3–10 шілде аралығында Алматы қаласындағы «Алматы» олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының базасында нысана көздеуден Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде.
Еліміздің басты біріншілігіне 8 өңірден келген 180 үздік мерген қатысып, Қазақстан чемпионы атағы үшін сынға түсуде.
Жарыстың алғашқы үш күнінің қорытындысы бойынша Алматы қаласы Жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, 3 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.
Чемпионат жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
Ислам Сатпаев – 1 орын. ВП-6 жаттығуы (ерлер)
Александра Ле – 1 орын. ВП-6 жаттығуы (әйелдер)
Ислам Сатпаев пен Александра Ле — 1 орын. ВП MIX
Алина Сатпаева – 2 орын. ВП-6 жаттығуы (әйелдер)
Анастасия Григорьева – 3 орын. ВП-6 жаттығуы (әйелдер)
Чемпионаттың алғашқы күндеріндегі нәтижелер Алматы қаласы Жоғары спорт шеберлігі мектебі спортшыларының жоғары дайындық деңгейін және республикалық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Алда мергендерді чемпионаттың шешуші жарыс күндері күтіп тұр. Олар ел біріншілігінің жүлделері үшін күресті жалғастырады.



