Алматы қаласының мергендері Қазақстан чемпионатында табысты өнер көрсетуде

2026 жылғы 3–10 шілде аралығында «Алматы» олимпиадалық даярлау орталығының базасында нысана көздеуден Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде.

Бүгін Алматы қаласы Жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары команданың қоржынына тағы үш жүлде салды.

МВ-5 жаттығуы (ерлер):
Ислам Сатпаев — 1 орын
Константин Малиновский — 3 орын

ПП-3 жаттығуы (ерлер):
Валерий Рахимжан — 3 орын

Қазіргі таңда Алматы қаласы Жоғары спорт шеберлігі мектебінің есебінде 4 алтын, 1 күміс және 3 қола жүлде бар. Спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын кезекті жетістіктерімен құттықтап, алдағы жарыстарда толағай табыс тілейміз!