Бүгін Алматы халықаралық әуежайында каратэ WKF-тен Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Алматы қаласы спорт басқармасына қарасты спорт мекемелері, Алматы қаласы каратэ WKF федерациясының өкілдері, спортшылар және жанкүйерлері ыстық ықыласпен қарсы алып, халықаралық аренадағы жоғары жетістіктерімен құттықтады.
Еске салсақ, 2026 жылғы 18–21 маусым аралығында Бали қаласында (Индонезия) өткен каратэ WKF-тен Азия чемпионатында құрлықтың 33 елінен 400-ден астам спортшы бақ сынады.
Аталған жарыста Алматы қаласының спортшылары Белла Самашева мен Даяна Даренская Қазақстан құрамасының қоржынына екі қола жүлде салды.



