Batumi Open халықаралық турнирінде ушу-саньда бөлімі 8 медаль жеңіп алды

2026 жылғы 1–3 тамыз аралығында Грузияның Батуми қаласында ушу-саньдадан Batumi Open халықаралық турнирі өтті. Дүбірлі додаға 10 елден 330-ға жуық спортшы қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша Алматы қаласының Жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары 8 медаль жеңіп алды: 7 алтын және 1 қола.

Халықаралық турнирдің жеңімпаздары:

Ислам Иминов (48 кг)
Нұрислам Авутов (56 кг)
Эльмурат Абдукахаров (60 кг)
Ибрагим Айтахунов (85 кг)
Жұбаныш Аханов (65 кг)
Рахим Махмутов (60 кг)
Ілияр Садықов (85 кг)

Қола жүлдегер:

Хазрят Ниязов (60 кг)

Жүлдегерлерді және олардың жаттықтырушыларын халықаралық турнирдегі жоғары нәтижелерімен құттықтап, алдағы жарыстарда толағай табыстар тілейміз!