11–12 маусым күндері гольфтан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарыстың жалпы қорытындысы бойынша жекелей сында Алматы қаласының Жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
Абельди Исламия – 1 орын
Буламбаева Диляра – 2 орын
Агаева Альбина – 3 орын
Жылқайдаров Әміржан – 3 орын
Айта кетейік, аталған Қазақстан Республикасының чемпионаты алдағы Азия ойындарына іріктеу кезеңі еді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, сондай-ақ олардың жаттықтырушыларын құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз.




