Самбодан алматылық спортшылар алдағы Азия және Океания чемпионатына дайындық аясында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Бұл жиын халықаралық дода алдындағы шешуші әрі соңғы дайындық кезеңдерінің бірі.
«Қазіргі таңда оқу-жаттығу жиыны жоспарға сәйкес жоғары деңгейде өтуде. Спортшылардың физикалық, техникалық және тактикалық дайындықтарына ерекше көңіл бөлінуде. Барлық жұмыстар Азия және Океания чемпионатында жоғары нәтиже көрсетуге бағытталған», – деді жаттықтырушы.
Алматы қаласы Жоғары спорт шеберлігі мектебінің ұжымы спортшыларға сәттілік тілеп, алдағы жауапты жарыста жоғары нәтижелер көрсетуіне сенім білдірді.




