Құрметті ардагерлер, тыл еңбеккерлері және отандастар!
Сіздерді 9 Мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл – ерлік пен өрліктің, батырлық пен жанқиярлықтың мәңгілік символына айналған тарихи күн. Ұлы Отан соғысында бейбіт өмір үшін жанын қиған батырлардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Олардың қайсар рухы кейінгі ұрпаққа үлгі, ел тарихындағы өшпес мұра.
Бүгінгі күні әр шаңыраққа амандық, бірлік пен береке және елімізге тыныштық тілейміз!
Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!




