2026 жылғы 3–10 мамыр аралығында Талдықорған қаласында өтіп жатқан садақ атудан Қазақстан Республикасы Кубогының III кезеңінде спортшыларымыз табысты өнер көрсетіп, 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.
Аралас командалық сайыста Смағұл Бақтұр мен Бухренкова Милана күміс жүлдегер атанды.
Командалық жарыста Зайко Полина, Бухренкова Милана және Мальцева Екатерина құрамындағы әйелдер командасы қола медаль иеленді.
Сонымен қатар, Смағұл Бақтұр ерлер командасы құрамында өнер көрсетіп, тағы бір қола жүлдені қоржынға салды.
Спортшыларымызды және садақ ату бөлімшесінің жаттықтырушысы Кислицин Александр Борисовичті жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Алдағы жарыстарда толағай табыстар тілейміз!




