Апталық жоспарлау жиналысы өтті

Алматы қаласы Жоғары спорт шеберлігі мектебінде апталық жоспарлау жиналысы өтті.

Жиын барысында алдағы аптаға арналған негізгі міндеттер мен жоспарлар талқыланып, спортшылардың дайындығы, оқу-жаттығу үдерісінің сапасы және алдағы жарыстарға қатысу мәселелері қарастырылды.

Сонымен қатар, қызметкерлерге нақты тапсырмалар беріліп, жұмыс барысын тиімді ұйымдастыру бағыттары айқындалды.