Алматы қаласында “Таза Қазақстан” Республикалық экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өтті
Жалпықалалық сенбілік аясында Жоғары спорт шеберлігі мектебінің ұжымы және спортшылары қала аумағын абаттандыру және тазалық жұмыстарын жүргізуге белсенді қатысты.
Мекеме қызметкерлері қоршаған ортаның тазалығын сақтауға өз үлестерін қосып, ұйымшылдық пен жауапкершіліктің жоғары үлгісін көрсетті. Мұндай іс-шаралар экологиялық мәдениетті қалыптастырып, табиғатқа деген жанашырлықты арттыруға ықпал етеді.




