МЕКЕМЕМІЗГЕ ЖАҢА СПОРТ ТҮРЛЕРІ ҚАБЫЛДАНДЫ

Алматы қаласы Жоғары спорт шеберлігі мектебінде жаңа спорт түрлерін қабылдау жөнінде жиын өтті.

Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы №106 бұйрығына сәйкес, 2026 жылдың 1 сәуірінен бастап мектеп құрамына жаңа спорт түрлері қабылданды.
Атап айтқанда, нысана көздеу, стенд ату, садақ ату, гольф және брейкинг спорт түрлері енгізілді.

Кездесу барысында жаңа спорт бағыттарын дамыту, спортшыларды іріктеу, жаттығу үдерісін ұйымдастыру және материалдық-техникалық базаны нығайту мәселелері жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, әр спорт түрі бойынша алдағы жоспарлар айқындалып, жауапты мамандарға нақты міндеттер жүктелді.

Бұл бастама спорттың жаңа бағыттарын дамытуға, дарынды спортшыларды анықтауға және Алматы қаласының спорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.