Кикбоксингтен Әлем кубогінде спортшымыз бірінші орын жеңіп алды

07–13 сәуір аралығында Таиландтың Бангкок қаласында кикбоксингтен Әлем Кубогі өтті.

Аталған халықаралық жарыста Жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы Турдубеков Айдын 81 кг салмақ дәрежесінде (К1 бөлімі) жоғары деңгейде өнер көрсетіп, барлық қарсыластарынан басым түсіп, І орынды иеленді.

Бұл – спортшының табандылығы мен жаттықтырушылар құрамының жүйелі жұмысының нәтижесі. Айдынды жеңісімен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда да жоғары жетістіктер тілейміз!